Тіркелген автомобильдер саны 5 579,4 мың бірлікке жетті, деп хабарлайды статистика бюросы.
2024 жылғы тамызда 141,5 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды, былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда көрсеткіш 44,1% өскен. 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 579,4 мың бірлікті құрады.
Шыққан жылы бойынша көлік үлесі:
- 3 жылдан жаңа – 6,2%;
- 3-7 жыл – 13,1%;
- 7-10 жыл – 11,9%;
- 10-20 жыл – 23,8%;
- 20 жылдан көп – 44,8%.