Алдын ала деректер бойынша, Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 2021 жылдың қыркүйек айында 3,4%, былтырғы қыркүйекпен салыстырғанда 0,2% төмендеп, 35,6 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды Ұлттық банк.

Резервтердің төмендеуі, негізінен, қазынашылық облигациялар кірістілігінің өсуі және АҚШ долларының нығаюы салдарынан бағалы металдар бағасы құлдырап, алтын портфелі құнының төмендеуі есебінен болды. Еркін конвертацияланатын валютадағы активтер де ЕДБ корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың төмендеуінен, сондай-ақ ҚР мемлекеттік борышын төлеу есебінен төмендеді.

Алдын ала деректер бойынша, елдің жалпы халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (55,1 млрд АҚШ доллары) қоса алғанда, 2021 жылғы қыркүйектің соңында 90,6 млрд АҚШ долларын құрады.

Ақша базасы 2021 жылғы қыркүйекте 3,8%-ға кеңейіп, 10 689,7 млрд теңгені құрады (жыл басынан бастап 9,3%-ға кеңейді). Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейлі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 7,7%-ға 5 815,6 млрд теңгеге дейін тарылды (жыл басынан бастап – 14,3%-ға кеңейді).

2021 жылғы қыркүйекте ақша массасы 2,8%-ға ұлғайып, 28 850,3 млрд теңге болды (жыл басынан бастап 15,8%-ға өсті), айналыстағы қолма-қол ақша 2 984,3 млрд теңгеге дейін 1,0%-ға төмендеді (жыл басынан бастап 5,5%-ға өсті).