Мәжіліс депутаты Ислам Сұңқар жүргізушілерден алынатын «Яндекс.Такси» комиссиясын азайтуды сұрады.
Ол жолаушылардың таксиге көп ақша төлейтінін әділетсіздік деп санайды, бірақ жүргізушілер табысының негізгі бөлігін таксопарктер алады. Оның айтуынша, бұл әлеуметтік шиеленісті тудыруы мүмкін.
Ислам Сұңқар Мәжіліс қабырғасында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың атына Қазақстан халықтық партиясы (ҚДП) фракциясының депутаттық сауалын жеткізді.
Қазақстан такси қызметінің бағасы бойынша әлемде 73-орында, ал ТМД-да 1-орында екенін айтты. Елдк бір километрге такси құны орташа есеппен $0,67.
«Бізді Яндекстің комиссиясы алаңдатады. Мысалы, тариф пен аймаққа байланысты әрбір сапар үшін 11%-дан 17%-ға дейін қызмет көрсету комиссиясы алынады. Сонымен қатар, таксопарктер 4%-ға дейін ақы алады», – дейді Ислам Сұңқар.
Оның айтуынша, 200 мыңнан астам адам «Яндекс.Такси» жүргізушісі. Олардың 50 мыңнан астамы үшін бұл негізгі табыс. Қалған 150 мыңына – қосымша табыс.
Егер жол жүру құны 1000 теңге болса және осы сомадан барлық комиссияларды, жанар-жағармайға, жууға және автокөліктің табиғи тозуын ескере отырып, алып тастасақ, онда жүргізушінің таза табысы оның айтуынша, шамамен 300-400 теңгені құрайды.
«Біз азаматтардың такси қызметіне жоғары баға төлеуін әділетсіздік деп санаймыз, ал жүргізушілер бұл соманың аз ғана бөлігін таза табыс түрінде алады», – деді Ислам Сұңқар.
Фракция билік органдарына әлеуметтік шиеленістерге байланысты Қазақстан нарығына шығатын Яндекс және басқа да компаниялардың жүргізушілері үшін тарифтерді төмендетуді ұсынады. Такси саласында қызмет көрсететін компаниялардың қызметі үшін комиссиялық сыйақыны тапсырыстың 5-7 пайызына дейін төмендетуге немесе тапсырыс үшін белгіленген төлемді 50 теңгеден 70 теңгеге дейін белгілеуге болады.
Депутат сондай-ақ такси саласында жұмысқа орналастыруды ұсынатын отандық компанияларды дамытуды қолдау тетіктерін пысықтауды сұрады.