2022 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 5,1%-ға ұлғайды. Көрсеткіш өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда 22,7% өсті. Нәтижесінде  27 101,6 млрд теңгеге жетті.

Соның ішінде заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 13 836,6 млрд теңгеге дейін 5,9%-ға артты, жеке тұлғалардың депозиттері 13 264,9 млрд теңгеге дейін 4,2%-ға өсті, деп хабарлайды Ұлттық банк.

Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі бір айда 17 337,5 млрд теңгеге дейін 7,1%-ға ұлғайды, шетел валютасында 9 764,1 млрд теңгеге дейін 1,7%-ға ұлғайды. Долларландыру деңгейі 2021 жылғы желтоқсанның соңында 36,0% (2020 жылғы желтоқсанда – 37,3%) болды.

Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2021 жылғы желтоқсанда 8 629,3 млрд теңгеге дейін 7,3%-ға артты, шетел валютасында – 5 207,3 млрд теңгеге дейін 3,6%-ға (заңды тұлғалар депозиттерінің 37,6%-ы) артты.

Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 8 708,2 млрд теңгеге дейін 6,8%-ға ұлғайды, шетел валютасында 4 556,7 млрд теңгеге дейін 0,4%-ға төмендеді (жеке тұлғалар депозиттерінің 34,4%-ы).

Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 0,2%-ға ұлғайып, 17 896,2 млрд теңге болды. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 11 547,2 млрд теңге, шетел валютасындағы салымдар – 6 349,0 млрд теңге болды.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2021 жылғы желтоқсанда 7,3% (2020 жылғы желтоқсанда – 7,3%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 7,8% (9,2%) болды.