Биыл қаңтар-қыркүйекте денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция 209,4 млрд теңгеге жетті, бұл былтырғыдан ақшалай түрде 50,7% артық. ФКИ 144,6%, бұл секторға нақты инвестицияның өскенін көрсетеді.
Салыстыру үшін: 2022 жылдың сәйкес кезеңінде секторға салынған инвестиция көлемі 138,9 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда құндық мәнде 15,6% артық.
Биыл тоғыз айдың қорытындысы бойынша, инвестицияның 42,7 %-ы меншікті қаражат есебінен қамтамасыз етілді: 89,5 млрд теңге – былтырғыдан 85,1% артық.
Инвестициялардың тағы 27,3%-ы жергілікті бюджет қаражаты есебінен құйылды: 57,1 млрд теңге, бірда 20,9% өскен. Республикалық бюджеттен бөлінген инвестиция көлемі бір жылда 64,5% өсіп, 52,2 млрд теңгеге, банк несиелері 1% өсіп, 4,9 млрд теңгеге жетті. Бұл ретте банктік емес қарыз қаражат 15,2%, 5,7 млрд теңгеге дейін қысқарды.
Өңірлер бойынша биыл тоғыз айда секторға ең көп инвестиция Астанада салынды: 59,1 млрд теңге, бір жылда 69,5% көбейген. Одан кейін Алматы қаласы (39,4 млрд теңге), Түркістан (16,9 млрд теңге) және Шығыс Қазақстан (16,7 млрд теңге) облыстары.
Ең аз көрсеткіштер Маңғыстау (1,4 млрд теңге), Ұлытау (1,5 млрд теңге) және Алматы (1,6 млрд теңге) облыстарында тіркелді.
Инвестицияның ең көп жылдық өсімі Атырау облысында (10 есе, 3,3 млрд. теңгеге дейін), ең көп қысқару Маңғыстау облысында (81%, 1,4 млрд теңгеге дейін) тіркелді.