Биылғы қаңтар-қазан айларында елімізде 112 млрд теңгенің дәрі өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 13,2% аз, деп хабарлайды energyprom.kz.
Өңірлер бойынша ең көп өнім Шымкентке тиесілі: 46 млрд теңге, былтырғыдан 10,3% көбейген. Одан кейін Алматы облысы (31,1 млрд теңге, былтырғыдан 23,4% көп) және Алматы (16,2 млрд теңге, 7,7% көп).
Биылғы қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша, елімізге 1 млрд АҚШ долларына 18,7 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Физикалық мәндегі өсім 17,3%-ды, ақшалай түрде 25,8%-ды құрады.
ТМД елдерінен 101,3 млн АҚШ долларына 6,2 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Импорттың негізгі көлемі Ресейден келді: 4,6 мың тонна, былтырғыдан 16,6%-ға аз. Импорт бойынша одан кейін Беларусь пен Украина.
ТМД-ға кірмейтін елдерден Қазақстан 900 млн АҚШ долларына 12,5 мың тонна дәрі-дәрмек әкелді. Мұнда негізгі экспорттаушы ел Қытай: 2,6 мың тонна, былтырғыдан 2,1 есе көп. Үздік үштікке Германия мен Үндістан да кірді.
Биылғы қазан айының қорытындысы бойынша, елімізде фармацевтикалық өнімдердің бағасы бір жылда 13,3% өскен.
Баға ең көп Алматы қаласында өсті: 17,5%. Одан кейін Маңғыстау (17,1%), Ақтөбе (16,7%), Жетісу (16,2%) және Жамбыл (14,4%) облыстары. Бағаның ең аз жылдық өсімі Қызылорда облысында тіркелді: «бар болғаны» 8,9%.
Еске салайық: Үкімет қаулысына сәйкес, биылғы 1 шілдеден бастап дәрі-дәрмектің 90 түрі міндетті түрде таңбаланады. Дәрі өндірушілер таңбалауды 2025 жылға дейін шегеруді сұрайды, деп хабарлайды inbusiness.kz. Фармацевтикалық компаниялар инфрақұрылым дайын емес деп отыр.