2023 жылы қаңтар-тамызда елімізде 96,3 млрд теңгеге фармацевтикалық өнім өндірілді — бұл былтырғымен салыстырғанда ақшалай мәнде 8,3%аз. ӨӨИ — 94,7% (яғни өндірістің нақты көлемі 5,3% азайған).
Оның ішінде негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісі 4 млрд теңге (бір жылда ақшалай 69,2% көбейген), фармацевтикалық препарат пен медициналық материал өндірісі — 92,3 млрд теңге ( 10,1% азайған) болды.
Өңірлер бойынша Шымкент ең алда: 29,7 млрд теңге, бір жылда 21,8% азайған. Одан кейін Алматы облысы (27,8 млрд теңге, бір жылда 1,4% көбейген) және Алматы (17,3 млрд теңге, 27% көбейген).
Биыл қаңтар-шілде қорытындысы бойынша, елге 791,8 млн АҚШ долларына 15,8 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Импорт өсімі заттай 8,8% көбейсе, ақшалай 2,5% азайған.
ТМД елдерінен 72,1 млн АҚШ долларына 4,8 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Мұнда импорттың негізгі көлемін Ресей қамтамасыз етті: 3,5 мың тонна — былтырғымен салыстырғанда 5,7% аз. Одан бөлек Беларусь пен Украина да Қазақстанға атайрлықтай көлемде дәрі-дәрмек сатты.
ТМД-дан тыс елдерден Қазақстан 719,7 млн АҚШ долларына 11,1 мың тонна дәрі-дәрмек импорттады. Мұнда Қазақстан үшін негізгі жеткізуші Қытай: 2,3 мың тонна дәрі-дәрмек – былтырғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 15,5% артық. Үздік үштікке Германия мен Үндістан кірді.