Алматыда өтіп жатқан V халықаралық «Digital Almaty 2023: жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» форумында өнеркәсіп салаларынының автоматтандырудан цифрландыруға көшіру, цифрлық майнинг, роботтандыру туралы айтылды. 

Форумға қатысқан Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, еліміз – цифрландырудың даму жылдамдығы бойынша 20-орында. Бұл елдегі технологиялардың сенімділігінің, тұрақтылығының және тиімділігінің көрсеткіші.

Қазақстан экономикасының цифрландыруда банк секторының да рөлі орасан. Мәселен, Jusan Bank форумға демеушілік етіп қана қоймай, өз тұтынушылары үшін қызметтерді цифрландырудың озық үлгісін көрсетіп келеді. 

Бұл ретте, Jusan Bank соңғы жылдары  салада «цифрлық төңкеріс» жасады десек артық емес. Мәселен, бір ғана Jusan қосымшасының ішінде банк өнімдері, инвестиция жасау, сақтандыру, онлайн дүкен, саяхаттар мен билеттер, мобильді оператор қызметтерін табуға болады. Ал кәсіпкерлер Jusan Business қосымшасында сауда жүргізіп, төлем қабылдап, салық төлеп, тіпті бухгалтерия есептерін онлайн жүргізе алады. 


Шарада Jusan Garant-тың басқарма төрағасы Абай Егембердиев сақтандыру өнімдері мен мүмкіндіктері жайлы толығырақ айтып берді. 

«Бұл форум өте дұрыс ұйымдастырылған. Өйткені, цифрлық технологиялар келді. Мәселен, бірнеше жыл бұрын жұмысымыздың басым бөлігін жалғыз телефонмен шешеміз деген ой да болмаған. Оған Қазақстан үкіметінің осы салаға ден қоюы сеп беріп отыр. Осы форум дамудың жаңа бағыттарын көрсетеді. Жаңа технологиялармен танысамыз. Оларды өндіретін компанияларды тани түсеміз», - дейді «Jusan Garant» АҚ Сақтандыру компаниясының Басқарма Төрағасы Абай Егембердиев.

Оның айтуынша, техниканың дамыған  заманында ақпараттық қауіпсіздік жөнінде ұмытпаған жөн.

«Мәселен, Еуропа мен АҚШ - та халық үйін, көлігін, тіпті, үй жануарларын қоса алғанда, бәрін сақтандырады. Қазақстанда бұл мәдениет басқаша. Көбінде тек көлік сақтандырылады. Ипотека алғанда үй сақтандырылады. Ресми мәліметтерге сай, осы салада азаматтардың жеке мәліметтерінің таралып кетуінің 82%-ы адами факторға байланысты. Соңғы 5 жылда мұндай оқиғалардың 62%-ы арам пиғылдылардың араласуынан туындаған», дейді спикер. 

Бұл ретте, азаматтардың жеке мәліметтерінің қорғалмауы неге байланысты? Абай Егембердиевтің айтуынша, ең алдымен, қызметкерлердің қателігінен туындайды. Оның үстіне, технологияның дамыған заманында ақпаратты жариялап жіберу оп-оңай. 

«Jusan Garant қызметіне келер болсақ, мамандар жеке мәліметтерді таратпау жөнінде арнайы құжатқа қол қояды. Ақпараттық қауіпсіздік, этика, кәсібилік бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Ішкі нормативтік тәртіп пен заң еске салынады. Ішкі бақылау мықты. Бізде ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесі бар, ақпараттық технологиялар департаменті, ішкі аудит қызметі жұмыс істейді. Компьютерлік технологиялар үнемі жаңартылады. Вирусқа қарсы бағдарламалар орнатып қойдық. Осы мақсатта компьютерлерге DLP жүйе мен сканер тексеріс орнатылған. Jusan Garant клиенттерінің қауіпсіздігін алдыңғы орынға қояды, бұл біз үшін өте маңызды», дейді басқарма төрағасы.

Бір жағынан, азаматтардың жеке мәліметтерін жіті сақтау, екінші жағынан цифрлық өнім шығаруды дамыту. Екі үрдістің жүруінде бір-біріне қайшылықтар болса да, тұтынушыларға қызмет көрсету қашан да маңызды. Ол алдыңғы орынға қойылады. Нарықтың заңы сол.  

Қазақстанның банк саласындағы цифрлық мұндай екпін мен цифрлық қарқын, ең алдымен, отандық бизнес пен оның аудиториясы үшін тиімді әрі пайдалы болып отыр. Өйткені қазіргі таңда есеп айырысу шотын ашу, не жылдам несие алу үшін кәсіпкерге банкке келіп, кезекке тұрудың қажеті жоқ. Банктің онлайн сервистерін пайдалана отырып, ол бар шаруасын қашықтан түгендеп, өзіне қажет қызметтерді толық әрі жедел қолдана алады.

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21ж. № 1.2.35/225/37 лицензиясы.