BCC Invest брокерлік компаниясы (ЦентрКредит Банкіне тиесілі) жаңа шығарылымның жай акцияларын орналастыру арқылы 4,02 млрд теңгеге қосымша капиталдандыруды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
BCC Invest Қазақстан қор биржасында бір акцияның бағасы 2,872 теңге болатын 1,4 млрд жай акцияны жалғыз акционердің басымдықпен сатып алу құқығымен орналастырады. Ол сатып алу туралы өтініш бергеннен кейін бір ай ішінде оларды төлеуі керек. Шешім 26 наурызда қабылданған, бірақ ол тек 8 сәуірде белгілі болды.
«Жария орналастырылған жай акциялары санының орналастырылған жай акциялар санына қатынасы 3,42956410. Қолданыстағы акционерлердің артықшылықты сатып алу шеңберінде сатып алуға құқығы бар акциялардың саны акционерлердің өздеріне тиесілі акцияларды иеленуіне пропорционалды түрде анықталады», — делінген құжатта.
Қазіргі уақытта компанияның жариял жай акцияларының саны 13,36 млрд, 11,94 млрд акция орналастырылды. Соңғысына орналастыруға жоспарланған 1,4 млрд-ты қоссақ, 13,36 млрд болады.
Толық емес қаржылық есепке сәйкес, брокерлік компанияның 2023 жылғы таза пайдасы 2,9 млрд теңгені (2022 жылмен салыстырғанда 3 есе көп), кірісі – 4,2 млрд теңгені (1,2 есе) құрады. Активтер үштен бірге 59 млрд теңгеге дейін, міндеттемелер екі есеге 27 млрд теңгеге дейін, меншікті капитал төрттен біріне дерлік 32,2 млрд теңгеге өсті.