Қазақстан қор биржасы (KASE) 2021 жылдың 08 қарашасында KASE-де "Банк ЦентрКредит" АҚ облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілетіні туралы хабарлайды.

Қор нарығының хабарлауынша, 1 облигация құны 100 теңгеден сатылады. Банк жалпы көлемі 5 млрд дана облигация шығаруды көздеп отыр. Яғни банктің 50 млрд теңгелік құнды қағазы нарыққа шығарылмақ.

Жылдық сыйақысы 11,5% құнды қағаз бойынша жылына екі рет купондық төлем жасалмақ. Құнды қағаз 7 жыл айналымда болады деп жоспарланған. Облигациялар бір лотпен салытмақ.

Құнды қағаздар саудасы "Қазақстан Халық Банкі" АҚ ЕҰ "Halyk Finance" АҚ арқылы жүргізілмек.