Қала ортасында бір бөлмелі пәтердің жалдау құны Қазақстанда орташа есеппен 303,85 доллар.


Рейтингтің басында ең қымбат елдер Гонконг, Сингапур және БАӘ. Ең арзан Непал.


ТМД елдері ішінде Әзірбайжан ең арзаны, айына 266,3 доллар.

Ресейде 412,51 доллар, Арменияда 396,74 доллар, Украинада 366,11 доллар, Өзбекстанда 322,27 доллар, Беларусьте 306,17 доллар.

2021 жылдың желтоқсанында Қазақстанда үй жалдау бағасыбірден 17,5% қымбаттап кетті. Соның ішінде Алматыда 40,6%, Оралда 32,5% және Шымкентте 31,3% өсті. Ең аз қымбаттаған Таразда 5,5% өсті.

Ең қымбат өңірлер Астанада шаршы метрі 3,7 мың теңге, Алматыда 3,3 мың теңге, Ақтауда 2,4 мың теңге, ең арзаны Таразда 1,4 мың теңге.