2023 жылы 2670 жазатайым оқиға тіркелді. Жазатайым оқиғалардағы жарақаттардың негізгі түрлері жабық сынықтар (611 адам), сыртқы жарақат (507 адам), шайқалудан болған жарақат және ішкі ағза жарақаттары (276 адам), ашық сынықтар (138 адам), термикалық күйіктер (102 адам) болды.
Зардап шеккендердің жалпы санынан әйелдер үлесі 18,2%.
Жарақаттанудың ең жоғары көрсеткіші Қарағанды облысында сақталып отыр. 2023 жылы аталған аймақта 496 жағдай тіркелді, бұл жалпы саннан 18,6%. Екінші орында – Ұлытау облысы, онда өндірісте 408 адам жарақат алған (жалпы саннан 15,3%).
Қызмет түрі бойынша өңдеу (жағдайлардың 34,1%) және тау-кен өнеркәсібі (20,5%), сондай-ақ құрылыс (14,1%) салалары жарақаттану қаупі жоғары салалар.
Есепті жылы ең көп таралған кәсіптік аурулар: дорсалгия – спецификалық емес арқа ауруы (414 адам); құрамында кремний бар шаңнан туындаған пневмокониоз (136 адам).