Орталық депозитарий мәліметінше, 2022 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша, номиналды ұстау жүйесіндегі брокерлік шоттар саны – 899 мыңға жақындады, оның ішінде 525 мыңға жуығы ұстаушылардың қосалқы шоттарына және 373 мыңы омнибус шот арқылы есепке алынатын жеке шоттарға тиесілі. Жыл басымен салыстырғанда, қосалқы шоттар саны 2,4 есеге өсті. Қосалқы шоттардың көп бөлігі жеке тұлғалардың атына ашылды.
"Қарашада байқалған қосалқы шоттардың өсуін біз "ҚазМұнайГаз" сияқты қазақстандық мұнай алыбының IPO-ға шығуымен байланыстырамыз. Бұл қазақстандық бөлшек инвесторлар арасында белгілі бір дүрбелең туғызды. Олардың саны бірінші қарашадан бастап 48 мыңға өсіп отыр", — дейді Орталық депозитарийдің Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов.
Қазақстандық инвестордың портреті жас күйінде қалып отыр. 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша
- 25–34 жас аралығындағы бөлшек инвесторлар тобы бөлшек инвесторлардың жалпы санының 30,4%,
- 18–24 жасқа дейін – 18,9%,
- 18 жасқа дейін – небәрі 0,1% құрады.
- 35–54 жас аралығындағы топ бұрынғысынша ең көп топ болып қала береді.
Рас, жыл басынан бері ол 40%-тен 35,3%-ке дейін қысқарды. Бірақ 55 жастан асқан инвесторлардың үлесі 2022 жылғы 1 қарашадан бастап 14,2%-тен 15,3%-ке дейін өсті. Бұған дейін оның 2022 жыл бойы жүйелі түрде қысқарғанын еске сала кеткен жөн.
Гендерлік бөлініске келетін болсақ, бөлшек инвестор-ерлер 57,5%, әйелдер – 42,5% құрайды. Сонымен қатар жыл басынан бері брокерлік шот иелері арасындағы әйелдер саны шамамен 2,7 есеге өсті. Тек өткен айда абсолютті көрсеткіштер бойынша олардың саны 24 090 адамға өсті. Ер адамдар да артта қалып жатқан жоқ – 2022 жылдың 1 қарашасынан бастап 24 358 адам қосылды.
Аумақтық бөліністе Алматы (21,4%) мен Астана (11,1%) әлі де көш бастап тұр. Үздік үштікті Түркістан облысы (9,5%) түйіндейді. Брокерлік шоттардың ең аз саны еліміздің солтүстігінде, әсіресе Солтүстік Қазақстан облысында ашылды (1,6%).
KCSD депоненттері омнибус шоттар арқылы қызмет көрсететін инвесторлар саны соңғы айда 168 мыңнан астам жеке шот қосты. Естеріңізге сала кетейік, KCSD жергілікті депоненттері Қазақстан заңнамасындағы өзгерістердің арқасында 2021 жылғы 1 шілдеден бастап клиенттік активтерді агрегирленген есепке алу үшін омнибус шоттар ашуға мүмкіндік алды.