Бөлшек сауда көлемі 2022 жылғы қаңтар-сәуір аралығында 3 683,7 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 0,8% жоғары. Кәсіпкерлердің тауарларды бөлшек саудада өткізу көрсеткіші 7,6% өсті.

Азық-түлік тауарларының бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 31,7%, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі – 68,3%.

Сату көлемінің ең көп өсімі азық-түлікке жатпайтын тауарлардың еншісінде, атап айтқанда автомобиль бөлшектері, тораптар мен керек-жарақтар, мотор отыны, тұрмыстық электр құралдары, фармацевтика тауарлары, компьютерлер, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, киім, косметикалық тауарлар мен  жеке күтім керек-жарақтарын сататын кәсіпорындарда.

2022 жылғы 1 мамырға қарай сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек саудада 1137,2 млрд теңгені, сауда күндерінде 70 күнді құрады.

Бөлшек сауданың нақты көлем индексі

өткен жылғы тиісті айға пайызбен


2022 жылғы қаңтар-сәуірде республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы қаласына (29%), Нұр-Сұлтан қаласына (11,6%), Шығыс Қазақстан (9,8%) және Қарағанды (9,5%) облыстарына тиесілі.