2024 жылғы қыркүйекте депозиттік ұйымдардағы резиденттердің депозиті негізінен теңгемен салымның 1,6% немесе 458 млрд теңгеге 28,9 трлн теңгеге дейін ұлғаюы аясында жалпы 1,4% 36,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды. 

Валюталық депозиттер 0,9% немесе 66 млрд теңгеге 7,9 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Депозиттерді долларландыру деңгейі 01.10.2024 ж. жоғары базалық мөлшерлеме және валюталық депозиттер бойынша төмен мөлшерлемелер аясында 21,4%-ды құрап, төмендеуді жалғастыруда (2023 жылғы қыркүйекте – 25,0%).

Заңды тұлғалардың депозиттері 2024 жылғы қыркүйекте негізінен ұлттық валютадағы депозиттердің 2,3%, 12,3 трлн теңгеге дейін ұлғаюы нәтижесінде жалпы 2,2%, 16,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Жеке тұлғалардың депозиттері 0,9%, 20,6 трлн теңгеге дейін өсті.

Ақша-кредит жағдайларын сақтау нәтижесінде банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2024 жылғы тамыздағы 13,1%-дан қыркүйекте 13,2%-ға дейін, жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 2024 жылғы тамыздағы 13,5%-дан 13,4%-ға дейін төмендеді.