Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттері 2024 жылғы тамызда негізінен ірі салымшылар қаражатын алу нәтижесінде, оның ішінде қарыздар мен контрагенттер бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін, сондай-ақ дивидендтер төлеу үшін 0,8%-ға 36,2 трлн теңгеге дейін төмендеді. Ұлттық валютасындағы депозиттер 2024 жылғы тамызда 0,3%-ға 28,4 трлн теңгеге дейін, шетел валютасындағы депозиттер 2,7%-ға 7,8 трлн теңгеге дейін төмендеді. Нәтижесінде 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша долларландыру деңгейі 21,5%-ды құрады (2024 жылғы тамызда – 25,1%).
Заңды тұлғалардың депозиттері 2024 жылғы тамызда негізінен ұлттық валютадағы депозиттердің 2,9%-ға 12,0 трлн теңгеге дейін азаюы салдарынан 3,3%-ға 15,8 трлн теңгеге дейін төмендеді. Жеке тұлғалардың депозиттері 1,2%-ға 20,4 трлн теңгеге дейін өсті.
Ақша-кредит шарттарын жеңілдету нәтижесінде депозиттер нарығында мөлшерлемелерді біртіндеп төмендету байқалады. Мәселен, банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2024 жылғы тамызда бір ай бұрынғы 13,2%-бен салыстырғанда 13,1%-ды, жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 13,5%-ды (2024 жылғы шілдеде – 13,5%) құрады.