2022 жылы бизнеске 35 746 тексеру жүргізілді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 9,8% артық. Сонда да мораторий жарияланғанға дейінгідей көп емес, мораторий жариялағанға дейін бір жылда 128 364 тексеріс болған еді.
Орта бизнеске жасалған тексеріс 21,7% көбейіп 13 043 болды.
Ірі кәсіпкерлікті тексеру 9% көбейіп 12 772-ге жетті.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеру, керісінше, 1,9% азайып 9 931 болды.
Соның ішінде микробизнесті бөлек айтсақ, оны тексеру тіпті 14,1% азайып, 4 796 ғана болды.
Тексерістің көбі Алматы (5 447), Астана (2 895) және Қарағанды облысында (3 150) тіркелді.
Жалпы, 2022 жылы 87 558 кәсіпкерлік субъектісі тексерілді, оның ішінде 37 962 шағын кәсіпкерлік субъектілері, 23 853 орта кәсіпкерлік субъектілері, 25 743 ірі кәсіпкерлік субъектілері.
Тексерулердің жалпы санының 31 050-і соңына дейін жетті. Оның жартысынан сәл астамы – 16 029-да заң бұзушылықтар анықталды. 2 622 тексеру тіркеуден шығарылды. Заңсыз деп танылғандар – 246.