2024 жылғы I тоқсанда Қазақстандағы Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген (табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын) жұмыссыздық деңгейі 4,7% құрады.
Республика экономикасының әртүрлі салаларында 9 167,3 мың адам жұмыспен қамтылды, олардың 6 981,4 мыңы (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76,2%) жалдамалы қызметкер болса, 2 185,9 мың адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 23,8%) – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. 15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққандағы жұмыспен қамту деңгейі 64,8% құрады.
15-34 жастағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,1% құрады.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2024 жылғы сәуір айының соңына 315,6 мың жұмыссыз ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздардың үлесі жұмыс күшінің 3,3%-ын құрады.