Қазақстан қор биржасының мәліметінше, 2021 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық көлемі нарықтың барлық секторында 129 820,6 млрд теңгені (305 689,5 млн АҚШ долларына баламалы) құрады және 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36,0 % (долларлық көрсетілімде 31,1 %) өсті.
2020 жылдың алдыңғы тоғыз айлық (наурыз-желтоқсан) кезеңімен салыстырғанда сауда-саттық көлемі 31,7 % өсті.
Осы уақыт аралығында акциялармен жасалған мәмілелерге қатысқан жеке тұлғалардың шоттарының саны алдыңғы айға қарағанда 8,0 % ұлғайды.
Акциялардың брутто-айналымындағы жеке тұлғалардың ақшалай мәндеге үлесі 2021 жылдың қыркүйек айындағы 62,9 %-дан 48,1 %-ға дейін артты.
Қыркүйек айының аяғында "Бағалы қағаздардың орталық депозитариі" АҚ мәліметтері бойынша жеке тұлғалардың атына ашылған жеке шоттардың жалпы саны 206 313 болды, бұл алдыңғы айдың соңына қарағанда 8 217 шотқа артқанын көрсетеді. 2021 жылдың басынан бері – 73 449 шот.
Сонымен қатар, ақша нарығындағы сауда-саттық көлемі 113,3 трлн теңгені құрады. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42,3% көп.
2020 жылдың алдыңғы тоғыз айлық (наурыз-желтоқсан) кезеңімен салыстырғанда сауда-саттық көлемі 39,5 % өсті.
Ал инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарының сауда-саттығының көлемі 33,9 млрд тенгені құрап, 2020 жылмен салыстырғанда 2,6 есе өсті.
2020 жылдың алдыңғы жеті айлық (наурыз-желтоқсан) кезеңімен салыстырғанда сауда-саттық көлемі 71,5 % өсті.
Есесіне мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) сауда- саттығының* көлемі 2 708,5 млрд теңгені құрады және 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36,8 % төмендеді.
2020 жылдың алдыңғы он айлық (сәуір-желтоқсан) кезеңімен салыстырғанда сауда-саттық көлемі 38,1 % төмен.
Корпоративтік облигациялардың да сауда көлемі 1 540,8 млрд теңгені құрап, 2020 жылмен салыстырғанда 14,8 % төмендеді.
Алдыңғы он айлық кезеңмен салыстырғанда (наурыз-желтоқсан) 2020 жылы сауда-саттық көлемі 40,7 % төмендеді.
Есесіне акциялар нарығындағы сауда-саттық көлемі 197,4 млрд теңгені құрады және 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,7 % өсті.
Бірақ 2020 жылдың алдыңғы он айымен (наурыз-желтоқсан) салыстырғанда сауда-саттық көлемі 9,0 % төмендеді.