2024 жылдың бірінші жартысында Қазақстан жол құрылысында рекорд орнатты.
Биыл жол-құрылыс жұмыстары 12 мың шақырым жолды қамтыды, бұл – республика бойынша рекордтық көрсеткіш. Оның 8 мың шақырымы – республикалық, 4 мың шақырымы – жергілікті желілік жолдар.
Еліміздегі жалпы автожолдардың ұзындығы 95 мың шақырымды құрайды, оның 25 мың шақырымы республикалық жолдарға жатады.
«Қарағанды – Алматы», «Талдықорған – Өскемен», «Атырау – Астрахан» және «Ақтөбе – Қандыағаш» негізгі бағыттарын реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде.
Түркістан облысы Шақпақ баба асуындағы автомобиль тоннелінің, Шамалған стансасындағы автожол өтпесінің, Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма су қоймасы арқылы салынып жатқан көпірдің құрылысы сияқты бірнеше маңызды жобаның аяқталуы жоспарланған.
Халықаралық қатынаста автомобиль көлігімен жүктерді экспорттық-импорттық тасымалдау көлемі 3,8 млн тоннаны құрады.
Қытаймен келісім ратификацияланды, қазақстандық тасымалдаушылар үшін жаңа бағыттар ашылуда.
Қазақстан мен Каспий теңізі арқылы Қытайдан Еуропаға жүктер тестілеу режимінде автокөлікпен транзиттік тасымалдау ұйымдастырылды.
Сондай-ақ халықаралық қатынаста автомобиль тасымалы саласындағы рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларына өзгерістер енгізілді. Енді бұндай кезде адами фактор болмайды. Әлемнің 42 елімен 231 мың рұқсат бланкісін алмастыру жүргізілді.