Бір жылда (2024 жылдың мамыры мен 2023 жылдың мамыры аралығы) жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары 2% өсті, ал қолданыстағы пәтерлерді қайта сату 0,1% төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2024 жылғы мамырда 4,4% жоғарылады.
Өңірлер бөлінісінде бастапқы нарықта жылдық мәнде баға Ақтөбе – 9,5%, Талдықорған – 8,7% қалаларында едәуір қымбаттады. Қолданыстағы пәтерлер нарығында баға өсімінің лидері – Атырау қаласы (13,8%), тұрғын үйді жалға алу нарығында – Талдықорған (24,5%), Жезқазған (23,5%) және Қарағанды (23%) қалалары.
Бір айдың ішінде (2024 жылдың мамыры мен 2024 жылдың сәуірі аралығы) жаңа тұрғын үйді сату 0,4% өсті, ал пәтерлерді қайта сату 0,2% төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі мамырда өткен аймен салыстырғанда 1,3% жоғарылады.
2024 жылғы мамыр айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 31 071 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 7 668 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 23 403 мәміле жасалды. 2024 жылдың сәуірімен салыстырғанда (31 248) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 0,6% азайды. Мәмілелер саны бойынша, бұрынғысынша, Алматы (6 427 – 20,7%) және Астана (4 467 – 14,4%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 687 – 8,6%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 344 бірлік (1,1%).
2024 жылдың сәуірімен салыстырғанда сәуірде ең жоғары өсім Алматы (+29,9%) қаласында, Солтүстік Қазақстан (+20,5%) және Қостанай (+17,3%) облыстарында тіркелді. Ал бір айдағы ең үлкен төмендеу көшбасшылыққа қарамастан Астана қаласында (-20,0%) және Қызылорда (-17,5%), Алматы (-17,1%) облыстарында орын алды.
2024 жылдың сәуірімен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны тұрақты болып қалып отыр, тек 0,1% (15 мәмілеге) азайды. 2024 жылдың мамыр айында пәтерлер бойынша барлығы 23 403 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 75,3%-ы. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Алматы (25,3%), Астана (18,6%) қалаларына және Қарағанды облысына (9,4%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, 2024 жылдың мамыр айында олар бойынша 9 440 мәміле ресімделген.
2024 жылдың сәуір айымен салыстырғанда 2024 жылдың мамырында жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 2,1% немесе 162 мәмілеге азайды. Мамырда барлығы 7 668 мәміле тіркелген. Ең жоғары өсім Ақтөбе (+40,4%), Ақмола (+29,5%) және Қостанай (+26,5%) облыстарында байқалды. Ал бір айдағы ең үлкен төмендеу Түркістан (-18,8%), Атырау (-18,7%) және Павлодар (-13,8%) облыстарында орын алды.
2024 жылдың мамырында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 21,4% көбейген, ол кезде 25 588 мәміле ресімделген болатын. Мәмілелер санының ең жоғарғы өсімі Алматы қаласында (49,4%) байқалды, ең үлкен төмендеу – Қызылорда облысында (8,6%). 2024ж. қаңтар-мамыр айларындағы мәмілелер санының 2023ж. қаңтар-мамыр айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда динамика 16,4% жоғарылады.