Көлемі бойынша әлемдегі ең ірі криптовалюталық биржаны жүргізетін жетекші Binance блокчейн-экожүйесінің Қазақстандағы Binance Kazakhstan бөлімі Binance Academy білім платформасының қазақ тіліне аударылып, бейімделгенін хабарлайды. Бұл – Binance-тың Қазақстанда криптовалюта әлемі және блокчейн технологиясымен танысуды қалайтын барша азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға ұмтылатынын білдіретін тағы бір маңызды қадам.

Білім алу материалдарын бейімдеу – қолжетімді және сапалы білім беру ортасын қалыптастыру бойынша Binance Kazakhstan жаһандық стратегиясының бір бөлігі. Binance Kazakhstan блокчейн және цифрлы технологиялар туралы білім қорына қол жеткізуді ұсына отырып елдегі білім беру бастамаларын дамытуды жалғастырады. Бұл миссиядағы негізгі құрал ретінде Binance Academy бірегей білім беру платформасын атауға болады, ол блокчейн, криптовалюталар, DeFi, NFT және басқа да алдыңғы қатарлы технологиялар туралы ауқымды мәліметтер базасына тегін қол жеткізуді ұсынады. Білім беру ресурсында негізгі түсініктерден бастап күрделі техникалық тұстарға дейінгі ауқымды ақпарат жинақталған, және тесттер мен қадамдық нұсқаулықтар секілді интерактивті элементтер қамтылған, соның нәтижесінде қолданушылар мәлімет алып қана қоймай, оны нақты қолдануға мүмкіндік алады.

Binance бұған дейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі және Blockchain and AI Technology Center-мен бірлесе отырып, 2026 жылға қарай 40 мың маман әзірлеп шығу үшін 22 университетке – арасында Astana IT University және Satbayev University де бар – білім беру бағдарламасын енгізді. Сонымен бір мезетте криптовалюта, блокчейн, DeFi және Web3 қамтылған, соңында NFT-сертификат берілетін онлайн-курстар ұсынатын «Криптомектеп» жобасы жүзеге асырылуда. Осынау бастамалар криптосауатты арттырады және жаңа цифрлық экономика үшін жаңа мамандар толқынын әзірлеуге көмектеседі.

«Біз, Binance Kazakhstan командасы, Binance Academy-ді қазақ тіліне бейімдеудің маңызын түсінеміз және елдің әр тұрғыны цифрлық активтер туралы мәлімет алып, дұрыс білім қорын қалыптастырғанын қалаймыз. Бұл жаңа технологияларды меңгеру жолындағы кедергілерді азайтып қана қоймай, Қазақстанның әлемдік блокчейн және криптовалюта экожүйесіне белсенді қатысушы ретіндегі орнын нығайтуға мүмкіндік береді. Біз қазақ тіліндегі ақпараттардың қолжетімділігі қаржылық сауаттылықтың арта түсуіне және инновациялық цифрлық әлемге қатысушыларды көбірек жұмылдыруға сеп болады деп сенеміз», – дейді Binance өңірлік нарықтар бөлімінің жетекшісі Вишал Сачиндран.

Жоба аясында Binance әлеуметтік желіде қазақстандық қауымдастықтар үшін белсенділік танытуда. Қолданушылар күн сайын Binance Academy платформасындағы жаңа қатысушыларға арналған бағдарлама материалдарын оқып-зерттеп, викториналарға қатыса алады, өз жауаптарын арнайы форма арқылы жіберуіне болады. Жеңімпаздарға жағымды сыйлықтар бар. Акция туралы толығырақ мына сілтемеден білуге болады.