Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы базалық мөлшерлеменің 9,75-10% аралығына дейін көтерілуі мүмкін екенін болжайды, деп хабарлайды LS басылымы.

Қауымдастықтың мәліметінше, елдегі инфляциялық қысым мен сауда серіктестердегі де инфляцияның өсуі бағаны ұстап тұру үшін ақша-несие саясатын қатаңдатуды қажет етеді. Сонымен қатар халықтың сатып алу мүмкіндігін жоғалтау үшін және жалпы теңгелік активтерге сұранысты арттыру үшін осындай қадам жасалуы тиіс.

Қыркүйектегі Ұлттық банк отырысынан бері инфляция тағы да өсіп 8,7%-дан 8,9%-ға жетті. Тек Қазақстанда ғана емес, Ресейде 7,4%-дан 7,8%-ға, Еуразиялық одақта 3,2%-дан 3,6%-ға ұлғайды. Тек Қытайда ғана 0,8%-дан 0,7%-ға түсті.

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстан экономикасы пандемияға дейінгі деңгейге жетті. Қаңтар-қыркүйек аралығында экономикалық өсім 3,4% болды.

"Тұрақты эпидемиологиялық жағдай мен мұнайдың қымбаттаған кезінде ақша-несие саясатын жұмсақ ұстауға қажеттілік жоқ. Сондықтан Ұлттық банк 25 қазанда базалық мөлшерлемені қазіргі 9,5%-дан 9,75-10% аралығына көтеруі мүмкін", дейді сарапшылар.