Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 21 101,2 млрд теңгеге дейін 2,0% ұлғайып, жылдық өсу 24,4%-ды құрады.
Халықты кредиттеу қарыздардың өсуіне негізгі үлес қосуды жалғастыра отырып, осы айда 2,5% өсті. Тұтынушылық кредиттеу біршама бәсеңдеуіне қарамастан, жоғары өсу қарқынын сақтай отырып бір жылда 27,7%, бір айда 2,3% көбейіп 7 197,6 млрд теңге болды. Ипотекалық кредиттеу де 4 277,0 млрд теңгеге дейін жоғары өсті, бір жылда 47%, бір айда 3,3% ұлғайды.
Бүкіл кредиттік портфель өсуінің 2/3 астамы жеке тұлғалардың теңгелік кредиттері есебінен қамтамасыз етілді. Заңды тұлғалардың кредиттік портфелі бір айда 1,3% өсті.
Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі 19 332,2 млрд теңгеге дейін бір айда 1,8% ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 6 280,1 млрд теңгеге дейін 0,4%, жеке тұлғаларға берілген кредиттер – 13 052,2 млрд теңгеге дейін 2,5% өсті.
Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 1 769,0 млрд теңгеге дейін бір айда 4,4%, оның ішінде валюталық қайта бағалау есебінен ұлғайды.
Заңды тұлғаларға берілген кредиттер валюталық қарыздардың өсуіне негізгі үлес қосты, олар 4,4% ұлғайды.
Жеке тұлғаларға берілген валюталық қарыздар жеті ай қатарынан төмендеу үрдісін жалғастыра отырып, 0,7% төмендеді.
Оның нәтижесінде теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 2022 жылғы қыркүйектің соңында 91,6% құрады (2021 жылғы желтоқсанда – 89,7%).
Қыркүйекте қысқа мерзімді кредиттер қарқынының ұзақ мерзімді кредиттерден озып өсуі байқалды. Қысқа мерзімді кредиттердің көлемі осы айда 4,2%, ұзақ мерзімді кредиттердің көлемі 1,6% ұлғайды.
2022 жылғы қыркүйекте шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 4 228,1 млрд теңгеге дейін 4,7% өсті, көрсеткіш бір жылда 32,2% өсті.
2022 жылғы қыркүйекте (тамызбен салыстырғанда) банктік емес заңды тұлғаларға және жеке тұлғаларға теңгемен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі өзгермей, тиісінше 16,2% және 17,8% деңгейінде қалыптасты.