Банк секторының жиынтық активтері 2022 жылғы сәуірде негізінен ҚРҰБ-да орналастырылған корреспонденттік шоттар мен салымдардағы қалдықтардың 12%-ға немесе 737 млрд теңгеге төмендеуі есебінен 1,6%-ға азайды. 2022 жылғы 1 мамырда активтер 37,18 трлн теңгені құрады.
Екінші деңгейдегі банктердің шамамен 11,05 трлн теңгені немесе активтердің 29,7%-ын құрайтын жоғары өтімді активтерінің елеулі қоры бар. Бос өтімділіктің болуы банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Банк секторының міндеттемелері сәуір айында негізінен клиенттер салымдарының 2,9%-ға азаюы есебінен 1,9%-ға төмендеді және 2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 32,51 трлн теңгені құрады. Банк секторы міндеттемелерінің құрылымы негізінен банктердің жиынтық міндеттемелерінің 76,8%-ын немесе 24,96 трлн теңгені құрайтын депозиттік портфельмен ұсынылған.
2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша банк секторының жеткілікті капитал қоры бар. Негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) – 18,1%, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) – 21,8%, бұл жүйе бойынша орташа алғанда заңнамада белгіленген нормативтерден айтарлықтай асып түседі.
2022 жылғы қаңтар-сәуір айларында банктердің таза пайдасы 375 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ға төмен. Банк активтерінің рентабельділігі (ROA) 2022 жылғы 1 мамырда 3,5%-ды (2021 жылғы 1 мамырда – 2,9%), капиталдың рентабельділігі (ROE) – 28,7%-ды (2021 жылғы 1 мамырда – 22,4%) құрады.
Экономикаға кредиттер 2022 жылғы сәуірде 0,9%-ға ұлғайып, 19,4 трлн теңгені құрады. 2022 жылғы сәуірде жеке тұлғаларға берілген кредиттер 1,9%-ға 11,38 трлн теңгеге дейін ұлғайды, ал заңды тұлғаларға берілген кредиттер 0,5%-ға 8,02 трлн теңгеге дейін азайды.
Ұлттық валютадағы кредиттердің көлемі 2022 жылғы сәуірде 17,64 трлн теңгеге дейін 1,6%-ға ұлғайды, шетел валютасындағы кредиттердің көлемі 1,76 трлн теңгеге дейін 5,6%-ға, негізінен теңгенің айырбастау бағамының 4,6%-ға (1 АҚШ доллары үшін 467 теңгеден 445,6 теңгеге дейін) нығаюы нәтижесінде өсті. Теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 2022 жылғы мамырда 90,9%-ды құрады.
2022 жылғы сәуірде 1,88 трлн теңгеге жаңа кредиттер берілді, бұл 2022 жылғы наурызға қарағанда 0,7%-ға төмен.
2022 жылғы сәуірдің қорытындылары бойынша банктердің экономикаға кредиттерінің неғұрлым елеулі сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 33,4%), сауда (23,4%), құрылыс (8,0%) және көлік (5,6%) сияқты салаларға тиесілі. Басқа салаларға кредиттердің 29,6%-ы тиесілі.
2022 жылғы сәуірде банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 15,2%-ды (2022 жылғы наурызда – 14,5%), жеке тұлғаларға – 17,3%-ды (2022 жылғы наурызда – 18,0%) құрады.
2022 жылғы сәуірдің қорытындылары бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттердің үлесі кредиттік портфельдің жалпы көлемінің 3,6%-ын құрады (2022 жылдың басында - 3,3%).
ШОБ-ты есепке алғанда, заңды тұлғалардың портфелінде 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі 3,6% (2022 жылғы қаңтарда – 3,4%). Жеке тұлғалардың портфелінде – 3,8%-ды (2022 жылғы 1 қаңтарда – 3,5%) құрады.
90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттерді провизиялармен жабу деңгейі 74,4%-ды құрады.