2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 22 екінші деңгейдегі банк бар, оның ішінде 13 шетел қатысатын банк, оның ішінде 10 еншілес банк.
Банк секторының жиынтық активтері 2022 жылғы маусымда 5,7%-ға, негізінен, өтімді активтердің 10,2%-ға немесе 1,53 трлн теңгеге өсуі есебінен ұлғайды. 2022 жылғы 1 шілдеде активтер 39,23 трлн теңгені құрады.
Екінші деңгейдегі банктердің 11,41 трлн теңгеден астам немесе активтердің 29,1%-ын құрайтын өтімділігі жоғары активтерінің елеулі қоры бар. Еркін өтімділіктің болуы банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Банк секторының міндеттемелері маусым айында негізінен клиенттер салымдарының 8,3%-ға ұлғаюы есебінен 7,1%-ға өсті және 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 34,7 трлн теңгені құрады. Банк секторы міндеттемелерінің құрылымы негізінен банктердің жиынтық міндеттемелерінің 76,2%-ын немесе шамамен 26,44 трлн теңгені құрайтын депозиттік портфельмен ұсынылған.
2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша банк секторының жеткілікті капитал қоры бар. Негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) – 16,4%, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) – 19,8%, бұл жүйе бойынша орташа алғанда заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асады.
2022 жылғы қаңтар-маусымда банктердің таза пайдасы 355 млрд теңге, бұл 2021 жылғы осындай кезеңімен салыстырғанда 46,2%-ға төмен. Банк активтерінің рентабельділігі (ROA) 2022 жылғы 1 шілдеде 2,7% (2021 жылғы 1 шілдеде – 3,2%), капиталдың рентабельділігі (ROE) – 21,9% (2021 жылғы 1 шілдеде – 25,9%) құрады.
Экономикаға кредиттер 2022 жылғы маусымда 2,7%-ға ұлғайып, 20,1 трлн теңгені құрады. 2022 жылғы маусымда жеке тұлғаларға кредиттер 2,9%-ға 11,97 трлн теңгеге дейін ұлғайды, ал заңды тұлғаларға кредиттер 2,4%-ға 8,08 трлн теңгеге дейін өсті.
Ұлттық валютадағы кредиттер көлемі 2022 жылғы маусымда 1,9%-ға 18,25 трлн теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасындағы кредиттер көлемі 11,8%-ға 1,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2022 жылғы 1 шілдеде 91,0%-ды құрады.
2022 жылғы маусымда 2,03 трлн теңгеге жаңа кредиттер берілді, бұл 2022 жылғы мамырға қарағанда 10,9%-ға артық.
2022 жылғы маусымның қорытындысы бойынша банктердің экономикаға кредиттерінің неғұрлым елеулі сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 10%), сауда (26), құрылыс (4%) және көлік (5%) салаларына тиесілі. Басқа салаларға – 29,7% кредит.
2022 жылғы маусымда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 15,8%-ды (2022 жылғы мамырда – 15,8%), жеке тұлғаларға – 17,2%-ды (2022 жылғы мамырда – 17%) құрады.
2022 жылғы маусымның қорытындысы бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттердің үлесі кредиттік портфель жалпы көлемінің 3,6%-ын құрады (2022 жылдың басында – 3,3%).
Заңды тұлғалардың портфелінде ШОБ есепке алғанда 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың деңгейі 3,6%-ды құрады (2022 жылғы 1 қаңтарға – 3,4%). Жеке тұлғалардың портфелінде – 3,7% (2022 жылғы 1 қаңтарға – 3,5%).
90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттерді провизиялармен өтеу деңгейі 74,9%-ды құрады.