Бір жылда республика бойынша экономиканы несиелендіру көлемі 2,2 трлн теңгеге ұлғайлды.
Ұлттық банк мәліметінше, 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі мәлімет бойынша, экономиканы несиелендіру көлемі былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 15,5% көбейіп, 16,4 трлн теңгеге жетті.
Несиенің ең көп бөлігі өнекәсіпке 2,3 трлн теңге (+21%), ода кейін сауда саласына тиесілі 1,7 трлн теңге (+6,2%).
Сонымен қатар ауыл шаруашылығына берілген несие 7,3% артып 295,7 млрд теңгеге жетсе, байланыс саласына 22,2% көбейіп 183,4 млрд теңгені құрады.
Есесіне құрылыс саласына берілген несие 21,4% азайып 548 млрд теңгені құрады, ал көлік саласына берілген қарыз 11,5% төмендеп, 446,3 млрд теңге болды.
Несиенің көп бөлігі жеке тұлғаларға берілді, 9,2 трлн теңге. Ал заңды тұлғалар 7,2 трлн теңге, жеке кәсіпкерлер 616,6 млрд теңге алды.