2021 жылдың IV тоқсанында білім беру саласындағы орташа жалақы 219,2 мың теңгені құрады. Көрсеткіш былтырғыдан 24,2% көп. Ал сатып алу қабілеті 14,3% ұлғайды.

Елдегі жалпы орташа жалақының 275,6 мың теңге екенін ескерсек, білім беру саласындағы жалақымен салыстырғанда республикалық орташа жалақы 25,7% көп. 

Естеріңізге сала кетейік, былтыр осы саладағы жалақы 25,9% көбейіп 176,5 мың теңге болған еді. 

Сала бойынша ең көп жалақыны ЖОО ұстаздары (299 мың теңге), ең аз мектепке дейінгі білім беру мекеме қызметкерлері (112,6 мың теңге) алады.

Орта білім беру қызметкерлері 246,9 мың теңге, Қосымша білім беру қызметкерлері 203,7 мың теңге, бастауыш мұғалімдері 180,1 мың теңге, өзге білім беру мекеме қызметкерлері 175,4 мың теңге алады. 

Өңірлер бойынша ең көп астана 344,5 мың теңге, Алматы (265,4 мың теңге) және Алматы облысы (247,4 мың теңге). 

Ең аз Батыс Қазақстан облысында (181,7 мың теңге). 

Өткен жылдың төртінші тоқсанында салада жалпы саны 1,1 млн адам ең бек етті. Бұл бір жыл бұрынғыдан 1% көп.