Қиындыққа тап болғандарға демеу болу, ақысыз көмек көрсету дәстүрі елімізде ежелден бар және оны асар деп атайды.
«Баян Сұлу» кондитер фабрикасы Қостанай облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін «Мейірімділік.Kst» қорына 50 000 000 теңге аударды. Сонымен қатар, компания су тасқынынан зардап шеккендерді эвакуациялау үшін өз көліктерін бөліп берді. Фабрика қызметкерлері де зардап шеккендерге көмектесу үшін ерікті ретінде түрлі іс-шараларға белсене қатысты.
«Баян Сұлудың» бұл шешімі – бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мен қиын-қыстау кезеңдегі адамдарға қамқорлығының көрінісі. Фабрика басшылығы Қостанай облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге бірлесе көмектесу үшін басқа компанияларды да асарға қатысуға шақырады.