2023 жылғы ақпанда есепке 157,9 мың автокөлік құралы қойылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 74,5% артық, оның ішінде жеңіл автомобильдер 72,3%, жүк автомобильдері 2 есеге автобустар 2,5 есеге артты.
Мәселен, 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 584,5 мың бірлікті құрады, оның ішінде 88%-ы – жеңіл автомобильдер, 9,9%-ы – жүк автомобильдері және 2,1%-ы – автобустар.
2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 9,5 млн теңге сомасында 16 751 сақтандыру төлемін жүзеге асырды.