Innoforce.kz компаниялар тобы қоғамдық көлікті тиімді басқару және тасымалдау нарығының ашықтығын арттыру үшін Avtobys инновациялық цифрлық шешімін енгізуді жалғастыруда. Қазіргі уақытта Avtobys жүйесі Қазақстанның 17 қаласында табысты жұмыс істейді, ол жол жүру ақысын төлеуден бастап диспетчерлік қызметке, оңтайландырылған бағдарлау мен икемді есепшот жүйесіне дейін кешенді шешімдерді ұсынады.

«Ақылды» қалаға арналған инновациялық жүйе

Avtobys жүйесі жолаушылар тасымалы бойынша нақты және ашық статистиканы алуға мүмкіндік беретін деректерді талдаудың озық технологиясы Big Data аналитикасымен жабдықталған. Әкімдік пен тасымалдаушылар кез келген параметрлер бойынша онлайн статистикаға қол жеткізе алады, тарифтерге қатысты қаржылық ағындарды бақылай алады, бағдарлардағы қозғалысты және автобустардың кестесін бақылай алады. Бұл деректер қоғамдық көлік ресурстарын нақты уақытта басқаруға мүмкіндік береді. Мысалы, автобустар санын көбейтуді немесе азайтуды талап ететін желілерді анықтап, кестені оңтайландыруға мүмкіндік береді. Бұл Smart city тұжырымдамасы аясында ерекше маңызды болып табылады.

Бюджетті тиімді пайдалану

Big Data аналитикасы әкімдікке қоғамдық көліктердің жұмысы туралы нақты деректер негізінде тасымалдаушыларға субсидиялар төлеу мүмкіндігін береді, бұл мемлекеттік бюджеттің тиімді жұмсалуына ықпал етеді.

Цифрландыру нәтижесінде тасымалдау нарығында ашықтық орнағанын айта кеткен жөн. Avtobys жүйесі енгізілген қалаларда «сұр» төлем әдістерін қолдану қысқарғанын байқаймыз, қала бюджетіне салық аударымдары еселенді, сондай-ақ жол жүру ақысын төлеудің электронды жүйесіне кететін бюджет шығындары азайды.

Innoforce.kz компаниялар тобының бас директоры Назерке Жаңабектің айтуынша, бұл платформа тасымалдаушыларға да, жолаушыларға да кешенді шешім ұсынады.

«Біз қала өмірінің жайлылығы мен қауіпсіздігін жақсарту үшін заманауи технологиялық шешімдерді енгізе отырып, Smart city тұжырымдамасын барлық қалалар үшін қолжетімді етуге тырысамыз. Open API протоколын пайдалана отырып, біз қоғамдық көлік саласындағы процеске қатысушылардың барлығына қажетті ыңғайлы және функционалды толық шешімді ұсынамыз. Біздің жүйе жол жүру ақысын төлеудің ыңғайлы және сенімді әдістерін, сондай-ақ жол ақысын төлеуге байланысты процесс пен қаржылық ағындарды ашық бақылауды қамтамасыз ететін диспетчерлік, бағдарлау және деректерді талдаудың кешенді шешімін ұсынады», — деді Назерке Жаңабек.

«Бұлтты құрылым жүйеге жаңа қалаларды жылдам әрі қарапайым әдіспен қосуға мүмкіндік береді. Бұл халықаралық нарыққа шығуға, Avtobys жүйесін кез келген елдер мен қалаларда қосуға, сонымен қатар өнімді жергілікті қажеттіліктерге бейімдеуге мүмкіндік береді», — деп қосты Назерке Жаңабек.

Жолаушыларға ыңғайлы

Жолаушыларға Avtobys мобильді қосымшасы немесе көлік картасы арқылы жол жүру ақысын төлеудің ыңғайлы және сенімді тәсілдері ұсынылады. Bluetooth, QR, NFC технологиясымен жасалған көлік және банк карталары (соның ішінде Apple Pay, Samsung Pay, смарт сағаттармен төлем) сияқты инновациялық арналар төлемді жылдам және қауіпсіз жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жол жүру ақысын трекинг немесе мемлекеттік көлік нөмірі арқылы да төлеуге болады. Айта кетсек, Avtobys жүйесі арқылы күніне 2 000 000-нан астам билет төленеді. Жолаушылар арасында Bluetooth, QR коды және NFC сияқты төлем әдістері танымал.

Қосымшаның әмбебаптығы

Заманауи электронды Avtobys төлем жүйесі – электронды ақша жүйесімен біріктірілген смарт платформа. Мобильді қосымшада пайдаланушылар басқа жолаушылардың әмияндарына ақша аудара алады, қызметтердің кең ауқымын – білім, ойын платформалары, маркеттер, жергілікті және шет ел байланыс операторлары және тағы басқа көптеген қызметтерді төлей алады, сондай-ақ жергілікті және халықаралық банк карталарына аударымдарды жүзеге асыра алады.

Сонымен қатар, Avtobys қосымшасында жолаушылар өз автобусының келуін және бағытын бақылай алады, бұл оларға сапарларын алдын ала жоспарлауға және аялдамада уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.

Avtobys – Innoforce.kz командасы әзірлеген қазақстандық IT-шешім. Өнім үшінші тарап лицензияларын пайдаланбай компания ішінде толығымен әзірленген және жетілдірілген. Жүйені әзірлеу, енгізу, жаңғырту, техникалық қызмет көрсету және техникалық қолдау тек компанияның жеке инвестициялары есебінен, мемлекеттік бюджет қаражатынсыз жүзеге асырылады.

Бүгінгі таңда Avtobys Қазақстанның 17 қаласында: Астана, Атырау, Ақтөбе, Хромтау, Орал, Ақсай, Бейнеу, Жезқазған, Павлодар, Семей, Екібастұз, Ақсу, Қонаев, Ұзынағаш, Аягөз, Шымкент және Риддерде іске қосылған.