2022 жылғы маусымда Электрондық еңбек биржасында 124,6 мың бос жұмыс орны және 59,9 мың түйіндеме орналастырылды. Өткен аймен салыстырғанда бос орындар саны 1,5 есе, ал өзекті түйіндемелер саны 31%-ға артты, деп хабарлайды Еңбек министрлігі.
«Бос жұмыс орындары санының күрт өсуі барлық өңірлерде байқалды, бірақ ең көбі Ақтөбе (2,5 есе) және Жамбыл (3 есеге жуық) облыстарында байқалып отыр. Нәтижесінде аталған өңірлер бос жұмыс орындары бойынша бірінші орынға шықты (тиісінше 12,9 мың және 12 мың бос жұмыс орны).
Қарағанды облысы да бос жұмыс орындары бойынша алдыңғы қатарға жайғасты (12,6 мың). Бұл ретте Батыс Қазақстан облысында кәсіпорындар мен фирмалардың ұсынысы 5,8%-ға – 3,3 мың бос орынға дейін азайды. Сондай-ақ, ұсынылатын жұмыс орындарының ең аз саны Шымкент қаласында – 3,5 мың және Маңғыстау облысында-3,1 мың бос орын», – деді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Басқарушы директоры Александра Молчановская.
Бос орындардың басым бөлігін ауыл шаруашылығы (10,8 мың бос орын), тұрғын емес үй-жайлар және тұрғын үй объектілерін салу (9,8 мың бос орын), білім беру (6,6 мың бос орын) және өзге де қызметтер (5,8 мың бос орын) секторларының кәсіпорындары орналастырды.
Бұл ретте ауыл шаруашылығы саласында орналастырылған бос орындардың жартысына жуығы (47%) Жамбыл облысына, ал Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында – тұрғын үй құрылысы саласында тиісінше 33,7% және 35%-дан келді.
Елордада құрылыс саласындағы жұмысшыларға жоғары сұраныс сақталды, яғни бос орындардың үштен бірі құрылыс саласына тиесілі.
Біліктілігі төмен қызметкерлерге сұраныс 23,4 мыңнан 50,7 мыңға дейін 2 еседен астам өсті. Оның бір себебі – ауыл шаруашылығындағы маусымдық жұмыстарға жұмысшыларды тарту.
Сонымен қатар, біліктілігі төмен ізденушілер тарапынан ұсыныс бір мезгілде 58,2%-ға, 18,4 мыңнан 29,1 мыңға дейін өсті.
Еңбек нарығының қажеттіліктері мен орташа білікті мамандардың ұсынысы арасындағы теңгерімсіздік төмендеді, 42 мың орналастырылған түйіндемеге қарағанда 52,9 мың белсенді бос жұмыс орны. Бос жұмыс орындарының ең аз үлесі жоғары білікті жұмыс орындарына тиесілі (орналастырылған бос жұмыс орындарының жалпы санының 16,9%-ы).
«Соңғы айларда қосалқы жұмысшыларға, күзетшілерге, жүргізушілерге, санитарларға, мұғалімдерге, дәрігерлер мен медбикелерге деген сұраныс жоғары. Маусым айында өзгеріс болған жоқ. Осылайша, ЭЕБ порталының деректеріне сәйкес бос лауазымдардың ең көп саны қосалқы жұмысшылар (19,8 мың бос жұмыс орны және 15,2 мың түйіндеме), жол құрылысы жұмысшылары (3,1 мың бос жұмыс орны және 294 түйіндеме), күзетшілер (2,2 мың бос жұмыс орны және 621 түйіндеме), жүргізушілер (4,4 мың бос жұмыс орны және 1,4 мың түйіндеме), мұғалімдер (3,9 мың бос жұмыс орны және 2,7 мың түйіндеме) және дәрігерлер (635 резюмеге қарсы 2,2 бос орын)», – деп бөлісті ақпаратпен Александра Молчановская.
Есепті айда ізденушілердің белсенділігі Алматы облысынан басқа барлық дерлік өңірлерде өсті. Осылайша, осы өңірдегі жарияланған түйіндемелердің саны 8%-ға төмендеп, 4,7 мың түйіндемені құрады. Түйіндемелер санының айтарлықтай өсуі Түркістан және Ақтөбе облыстарында – 1,8 есе байқалды. Бұл ретте аталған өңірлерде түйіндемелер санының өсуі біліктілігі жоқ еңбекті болжайтын түйіндемелер санының көбеюі есебінен болды.
Біліктілігі жоқ жұмысшылармен қатар ең қажетті мамандықтарға, мысалы, Ақтөбе облысында күзетшілер, жүргізушілер, аспаздар, электромонтерлар және сырлаушылар, Қарағанды облысында – күзетшілер, тәрбиешілер, мұғалімдер, электргазбен дәнекерлеушілер, май құю станцияларының операторлары және ас үй жұмысшылары жатады.
Келесі мамандықтарға ізденушілер ең жоғары жалақыны күтуде: өндірісті дайындау бойынша инженердің көмекшілері – 5 млн теңге, дыбыс режиссерлері – 2,1 млн теңге, инвестициялық жобалар бойынша директорлар – 1,9 млн теңге және гуманитарлық ғылымдар саласындағы ЖОО профессорлары – 1,8 млн теңге.
ЭЕБ-да ұсынылған ең жоғары ақы төленетін бос жұмыс орындары риэлторлар (орта есеппен 900 мың теңге), бас құрылысшылар (824 мың теңге) және объективті бақылау жөніндегі инженерлер (800 мың теңге) болып табылады.
Осылайша, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша қазақстандық онлайн еңбек нарығында жұмыс берушілердің белсенділігі артып келеді, жыл басымен салыстырғанда бос лауазымдар саны 1,8 есеге артты. Ал жұмыс іздеушілер арасында белсенділіктің төмендеуі байқалса, түйіндемелер саны жыл басынан бастап 14,6%-ға, 70,2 мыңнан 59,9 мыңға дейін төмендеді, бұл әдетте жазда, демалыс уақыты келгенде және жұмыс іздеушілер іздеуді немесе жұмысты күзге дейін ауыстыруды тоқтатқан кезде болатын жайт.