Биыл қаңтар-сәуір айларында әуе тасымалымен айналысатын компаниялардың табысы 204,6 млрд теңге болды, былтыр көрсеткіш 119,6 млрд теңге болды. Құндық мәндегі жылдық өсім 71,1%. Оның ішінде барлық бағыттар бойынша жүк пен багаж тасымалынан түскен табыс 4,2 млрд теңге, жолаушылар тасымалынан түскен табыс 200,4 млрд теңге болды.
Экипажы бар көліктерді лизингке беруден түскен табыс 2 млрд теңге болды.
Жолаушылар тасымалы саласында биыл қаңтар-сәуір айларында әуе компаниялары 3,6 млн адамды тасымалдады, бұл бір жыл бұрынғыдан 36% артық. Ең көп көрсеткіш Алматыда тіркелді: 1,2 млн адам, бір жыл бұрынғыдан 34,9% артық. Алғашқы бестікке Астана (951,8 мың жолаушы), Шымкент (346,3 мың жолаушы), сондай-ақ Атырау (305,5 мың жолаушы) және Маңғыстау (220,7 мың жолаушы) облыстары енді.
Жолаушылар айналымы 7,1 млрд жкм құрады, бұл былтырғымен салыстырғанда 65,7% артық.
Төрт айдың қорытындысы бойынша жүк пен багаж тасымалдау 7,8 мың тоннаны құрап, бір жыл бұрынғыдан 26,2% өсті. Жүк тасымалының барлық көлемі үш мегаполистің үлесіне тиді: Алматы (4,7 мың тонна, жылдық өсім – 22,6%), Шымкент (2,2 мың тонна, 40,9% көбейген) және Астана (1 мың тонна, 18,2% көбейген).
Биыл қаңтар-сәуір айларында жүк айналымы 16,9 млн ткм құрады, бұл былтырғымен салыстырғанда 30,3% артық.
Биыл мамыр айының қорытындысы бойынша әуе көлігі қызметі бір жылда 28,9% қымбаттады.
Ең көп қымбаттаған өңірлер Маңғыстау (63,5%), Атырау (56,5%), Қызылорда (42,7%), Жетісу (37%) және Қостанай (28,6%) облыстары. Ең аз қымбаттаған өңір Абай облысы – бар болғаны 0,7%.
ҚР 20 өңірінің 2-де әуе көлігі қызметі, керісінше, арзандады: Алматы (11,5%) және Ұлытау (21,4%) облыстары.
2023 жылдың соңына дейін Қазақстаннан тағы сегіз жаңа әуе жолы ашылады, деп хабарлайды zakon.kz. Қазіргі уақытта 3 отандық және 26 шетелдік авиакомпания 102 әуе бағыты бойынша аптасына 494 рейс жиілігімен 27 мемлекетке халықаралық жолаушылар рейсін орындайды.