Scorpions аты аңызға айналған немістің рок-тобы 1965 жылы құрылған. Топ өзінің ерекше әуені, әуезді балладалары және жігерлі хард-рок композицияларының арқасында әлемге танымал болған-ды. 

Берлин қабырғасының құлауынан кейін жазылған «Wind of Change» хиті топтың ең танымал композицияларының бірі және өзгерістің әнұраны болды. Ал жігерлі «Wind of Change» 80-ші жылдардағы хард-роктың символдарының біріне айналды. «Still Loving You» өзінің эмоциясымен және орындау шеберлігімен миллиондаған жүректерді жаулап алды. Scorpions бүкіл әлем бойынша альбомдарының 100 миллионнан астам көшірмесін сатты. Көптеген фанаттарды тартқан топ өзінің әсерлі концерттерімен және әлемдік турларымен көпшілікке танымал болды.


2007 жылы Scorpions тобы еліміздегі алғашқы концертінде қазақстандық рок фанаттарын елжіретіп, керемет қуат беріп, олардың жүрегінде ұмытылмас естеліктер қалдырды.

Аты аңызға айналған бұл рок-тобы көп жылдардан кейін Қазақстанға елдегі музыкалық қойылымдар тарихындағы ең керемет оқиғалардың бірі ретінде көрермендердің жадында қалатын үлкен концертімен оралғалы жатыр.

28 мамырда өтетін кеш бәрімізді хард-роктың алтын дәуіріне қайтаратын музыкалық сиқырдың көрінісі болмақ.

Scorpions толқу мен сағыныш сыйлайтын аты аңызға айналған хиттерін, сондай-ақ бүкіл әлемдегі фанаттардың жүрегін жаулаған жаңа әндерді ұсынады.

Scorpions тобының көрермендері аңызға айналған рок атмосферасына қайтадан еніп, классикалық хиттерді тыңдап, ләззәт алу үшін бұл оқиғаны асыға күтеді.

Билетті мына сілтеме бойынша сатып алуға болады: m.ticketon.kz