Биылғы жылдың он айында пайдалануға берілген жаңа нысандардың жалпы ауданы 13 930,4 мың шаршы метрді құрады. Оның 90,6 пайызы тұрғын үйлер, деп хабарлайды статистика бюросы.
Бюроның мәліметінше, 2021 жылдың қаңтар-қазан айларымен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 1,1% өсіп, 11 724,8 мың шаршы метрді құрады.
Оның ішінде: 6 355,8 мың шаршы метр – көпқабатты тұрғын үйлер, 5 310,9 мың шаршы метр – жеке тұрғын үйлер, 52 499 шаршы метр – жатақханалар.
Тұрғын үйлерді пайдалануға берудің өсімі республиканың он бес өңірінде байқалды. Өсу қарқыны бойынша Түркістан облысы (43%) көш бастап тұр, одан кейін Ақмола (11,8%), Алматы (10,9%), Шығыс Қазақстан (8,4%) облыстары тұр.
Сондай-ақ өсім Шымкентте (26,2%) және Алматыда (8,6%) өсім байқалады.
Бұл ретте, Ұлытау (39,6%), Абай (11%), Маңғыстау (15,7%), Атырау (11,3%) облыстарында және Астана қаласында (13,4%) азайған.