Астанада қайталама нарықтағы үй бағасы 6 жылда алғаш рет арзандады, деп хабарлайды Бірінші несие бюросы.
Елордада 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасы бір жылда 5,3% төмендеді. Бір жылда бағанығ арзандауы 2017 жылдан бері алғаш рет болып отыр.
Елорда 2023 жылдың соңында қайталама нарық бағасы төмендеген жалғыз қала болды. Нақтырақ айтсақ, желтоқсанда баға бір жылда 7,8% төмендеді, бірақ өткен кезеңдердің өсуіне байланысты бірнеше жыл бұрынғыдан жоғары болып отыр. Осылайша, 2020 жылдың желтоқсан айындағымен салыстырғанда бәрібір 50% қымбат.
Жалпы, 12 айдың қорытындысы бойынша республика бойынша жаңа үй бір жылда 6,7% қымбаттады.
Қайталама нарық бағасы республика бойынша 2023 жылы 1,8% ғана қымбаттады.
Жалдау бағасы 2023 жылы 16,4% көтерілді.