Статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың бірінші тоқсанында пәтер жалдау арзандады. Жалдау ақысының арзандау 2016 жылдың екінші тоқсанынан бері алғаш рет болып отыр. Нақтырақ айтсақ, наурыз айында баға өзгерген жоқ, бірақ үш айдың ішінде 2,4% арзандады.
Астана мен Алматыда тоқсан қорытындысы бойынша жалдау ақысы арзандады (тиісінше 0,8%-ға және 3,8%-ға). Қалғандарында – не өзгерген жоқ, не өсті.
Ал Жезқазғанда тіпті 11,8%, Көкшетауда – 12,1% қымбаттады.
Наурыз туралы нақты айтатын болсақ, онда елордада бағаның төмендеуі (-0,8%) және Қонаевтағы айтарлықтай өсім (+8,2%) назар аудартады.
Жалпы алғанда, 1 ш.м. тұрғын үй айына 4678 теңге тұрады.