Қазақстанда әрбір үшінші қызметкер қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейді.
Мұндай тұжырым кәсіпорындарды іріктеп зерттеу нәтижелерінен шығып отыр. Мониторинг жұмыспен қамтылған халықтың шамамен 20%-ын және сауда мен білім беруден басқа барлық негізгі салаларды қамтыды.
Дәлірек айтсақ, 2023 жылы тексерілген кәсіпорындардың жалпы тізімдегі қызметкерінің 30,7%-ы қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс жасайды (1,7 млн адамның 519,4-і). Бұл бес жыл бұрынғыдан 2,9 п.т. артық.
Әрине, ең жоғары көрсеткіш өнеркәсіп (50,5%), көлік және қоймалау (39,3%) салаларында байқалатыны таңғаларлық жайт емес. Ал тұру және тамақтану қызметтері (2,9%), ақпарат және байланыс (2,1%) салаларында көрсеткіш нөлге жақын.
Өңірлердің ішінде Маңғыстау (59%) және Қарағанды (55,9%) облыстарында көбірек. Ең азы - Алматы (14%) және Қызылорда (13,6%) облыстарында.