Биыл қаңтар-сәуір айларында елімізде 5,1 млрд дана темекі және осыған ұқсас басқа да табак өнімдері өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 4,8% аз.
Жалпы, 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда секторда шығарылған өнім 17,4 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 7,9% көп.
Биыл бірінші тоқсан қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар темекі мен папиросқа сұранысты (ішкі нарықтағы сату және экспорт) бір жыл бұрынғы 80,6%-дың орнына 79,7% қамтамасыз етті. Импорт сәйкесінше 20,3%-ды құрады. Сандық мәнде импорт былтырғымен салыстырғанда 0,7% өсіп, 927,6 млн данаға жетті.
Бұл ретте Қазақстан өз ресурстарының 19,3%-ын немесе 882,9 млн дана темекі мен басқа да табак өнімдерін экспорттады, бұл бір жыл бұрынғыдан 36,9% артық.
Ішкі нарықта сатылым 10,1% азайып, 3,7 млрд дана темекі мен папирос сатылды.
2022 жылы ҚР-дағы әрбір орташа үй шаруашылығы темекі өнімдеріне 44,8 мың теңге жұмсады, бұл бір жыл бұрынғыдан 10,8% артық.
Өңірлер бойынша Павлодар облысының үй шаруашылықтары ең көп шығындалған: бір шаруашылыққа орта есеппен 83,1 мың теңге, жылдық өсім 13,3%. Солтүстік Қазақстан (77,2 мың теңге, 9,6% көбейген) және Шығыс Қазақстан (71,9 мың теңге, 24,8% көбейген) облыстары да ең көп темекі шегушілер үштігіне енді.
Шымкент тұрғындары темекі өнімдеріне ең аз жұмсаған: бір үй шаруашылығына жылына орта есеппен небәрі 8,8 мың теңге, жыл сайынғы өсім 14,2%.
Биыл мамыр айының қорытындысы бойынша, темекі бір жылда 17,9% қымбаттады. Бағаның ең көп өсімі Астанада байқалды: 23,2%. Одан кейін Алматы (21,1%) және Солтүстік Қазақстан облысында (20,8%).
Баға ең аз өскен өңірлер Ақмола (12,8%), Қарағанды (13,9%) және Абай (16,2%) облыстары.