Қостанай облысын одан әрі газдандыру және ірі өнеркәсіптік объектілерді газбен қамтамасыз ету мақсатында «Ақтөбе – Қостанай» магистральдық газ құбырының құрылысын іске асыру жоспарлануда.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ 2024 жылдың 1-тоқсанында аяқталуымен жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді бастады.

Жобада ұзындығы 600 км-ден астам газ құбырын және КС-14 базасында компрессорлық станцияларды салу көзделіп отыр.

Жобаның құны техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу қорытындылары бойынша айқындалатын болады.

Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу шеңберінде газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесін құру үшін жобаланатын газ құбырын «Сарыарқа» магистральдық газ құбырымен қоршау мүмкіндіктері зерделенетін болады.