Ақпанда елде жылдық инфляция баяулап, 9,3%-ды құрады (қаңтарда – 9,5%). 13 өңірде жылдық инфляция бәсеңдеді, 4 облыста қарқын алып, 3 өңірде өзгеріссіз қалды.
Жылдық инфляцияның ең жоғарғы мәні Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді.
Ақпанда азық-түлік тауарларының бағасы 7,4%-ға дейін баяулады (қаңтарда – 8,2%). Осы топтағы тауарлардың бағасы Ұлытау облысында (10,3%) барынша тез, ал Шымкент қаласында (5,2%) мейілінше баяу өсті.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны 8,5%-ға дейін бәсеңдеді (қаңтарда – 8,6%). Ең жоғарғы мән Маңғыстау облысында (13,3%), ең төменгі мән Ақтөбе облысында (7,1%) тіркелді.
Ақпанда ақылы көрсетілетін қызмет бағасы 12,8%-ға дейін жеделдеді (қаңтарда – 12,3%). Сонымен қатар, Қарағанды облысында (18,0%) баға жалпы республикалық деңгейден біршама тез, Алматы облысында (8,0%) айтарлықтай баяу өсті.
Ақпанда ел бойынша айлық инфляция 1,1%-ға өсті. Бұл тарихи орташа мәннен жоғары (2017-2021 жылдардағы ақпанда – 0,7%).