Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 3,4%-ға ұлғайып (жылдық мәнде өсу 22,9% болды), 2022 жылғы ақпанның соңында 27 719,3 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 14 122,7 млрд теңгеге дейін 1,7%-ға артты, жеке тұлғалардың депозиттері 13 596,6 млрд теңгеге дейін 5,2%-ға ұлғайды.
Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі бір айда 17 084,7 млрд теңгеге дейін 1,1%-ға азайды, шетел валютасында 10 634,6 млрд теңгеге дейін 11,5%-ға ұлғайды. Долларландыру деңгейі 2022 жылғы ақпанның соңында 38,4% (2021 жылғы желтоқсанда – 36,0%) болды.
Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 8 695,6 млрд теңгеге дейін 2,8%-ға төмендеді, шетел валютасында 5 427,1 млрд теңгеге дейін 9,8%-ға (заңды тұлғалар депозиттерінің 38,4%-ы) артты.
Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 8 389,1 млрд теңгеге дейін 0,8%-ға ұлғайды, шетел валютасында 5 207,5 млрд теңгеге дейін 13,2%-ға ұлғайды (жеке тұлғалар депозиттерінің 38,3%-ы).
Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 0,6%-ға ұлғайып, 17 976,2 млрд теңге болды. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 11 133,0 млрд теңге, шетел валютасындағы салымдар – 6 843,2 млрд теңге болды.
Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2022 жылғы ақпанда 10,3% (2021 жылғы ақпанда – 7,2%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 8,5% (8,9%) болды.