Ақпан айында Meta акциясы күрт арзандағанда қазақстандықтар жаппай акциясын сатып алды

Қазақстан қор биржасы 2022 жылдың ақпан айында "KASE Global" секторындағы акциялардың сауда-саттықтарының нәтижелерін ұсынады.

Көрсетілген кезеңде "KASE Global" секторында шетелдік компаниялардың 51 168 акциясымен жалпы сомасы 1 793,6 млн теңгеге немесе $4 121,3 мың долларға 3 216 мәміле жасалды.

Қаңтар айына қатысты сауда-саттық көлемі 19,8 %-ға немесе $681,7 мың өсті, бұл ретте мәмілелер саны 3 216 мәмілеге дейін 42,3 %-ға өсті. Сауда-саттықтың орташа күндік көлемі $108 мың құрады, мәмілелердің орташа күндік саны – 85, бір мәміленің орташа көлемі - $1 281,5 болды.

Сауда-саттықтың ең үлкен көлемі келесі акцияларға келді:

- US30303M1027 (FB_KZ) Meta Platforms, Inc. – 247 мәміленің жалпы   сомасы 229,7 млн теңге немесе $533,7 мың;

- US0079031078 (AMD_KZ) Advanced Micro Devices, Inc. – 181 мәміленің жалпы сомасы 165,4 млн теңге немесе $378,1 мың;

- US5951121038 (MU_KZ) Micron Technology, Inc. – 73 мәміленің жалпы сомасы 137,1 млн теңге немесе $316,2 мың.

Инвесторлардың негізгі санаттарының ішінде жеке тұлғалардың үлесіне акциялармен жасалған мәмілелердің жиынтық көлемінің 29,9 %- ы тиесілі болды. Брокер-дилерлердің үлесі – 58,8 % құрады. Сақтандыру ұйымдарының үлесіне 4,3 %, басқа заңды тұлғаларға – 7,0 % тиесілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта "KASE Global" секторында шетелдік эмитенттердің 43 бағалы қағаздарымен сауда-саттық ашылды.