Қазақстан Ұлттық банкі ҚР аймақтарындағы инфляциялық үрдістер туралы деректі жариялады.
2023 жылғы қыркүйекте елде жылдық инфляция баяулап, 11,8%-ды құрады (тамызда – 13,1%). Өңірлер бойынша жылдық инфляция барлық 20 өңірде бәсеңдеді.
Бұл ретте, кыркүйек айында елдегі айлық инфляция 0,6% болды.
Жылдық инфляцияның ең жоғарғы мәні Ақмола, Жетісу және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді.
Қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы бір жылда 11,4%-ға дейін (тамызда – 12,4%) баяулады. Осы топтағы тауарлардың бағасы Ұлытау облысында (15,3%) тез, ал Шымкент қаласында (8,9%) баяу өсті.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны бір жылда 12,1%-ға дейін баяулады (тамызда – 13,5%). Ең жоғарғы мән Алматы қаласында (14,4%), ал ең төменгі мән Ұлытау облысында (8,0%) тіркелді.
Қыркүйекте ақылы көрсетілетін қызмет бағасы бір жылда 11,9%-ға дейін өсті (тамызда – 13,9%). Бұл ретте жалпы республикалық деңгейден баға Жетісу облысында (17,7%) біршама тез, Қостанай облысында (8,2%) айтарлықтай баяу өсті.