Қазақстан қор биржасы 2022 жылдың 09 – 18 наурыз айында "KASE Global" секторындағы акциялардың сауда- саттықтарының нәтижелерін ұсынады.
Көрсетілген кезеңде "KASE Global" секторында шетелдік компаниялардың 26 815 акциясымен жалпы сомасы 886,0 млн теңгеге немесе $1 738,8 мың долларға 1 248 мәміле жасалды.
Сауда-саттықтың ең үлкен көлемі келесі акцияларға келді:
- US0378331005 (AAPL_KZ) Apple Inc. – 109 мәміленің жалпы сомасы 125,8 млн теңге немесе $246,8 мың;
- US5951121038 (MU_KZ) Micron Technology, Inc. – 41 мәміленің жалпы сомасы 90,7 млн теңге немесе $178,0 мың.;
- US02376R1023 (AAL_KZ) American Airlines – 108 мәміленің жалпы сомасы 81,2 млн теңге немесе $159,4 мың.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта "KASE Global" секторында шетелдік эмитенттердің 43 бағалы қағаздарымен сауда-саттық ашылды.