Бүгін бекітілген бір грамм алтынның ресми құны 33 835,57 теңгені құрады. ҚР Ұлттық банкінің деректері бойынша өткен күнге қарағанда 1% (355,14 теңге) төмен.
Бағалы металл үшінші күн қатарынан арзандап бара жатыр. Шыны керек, осыған дейін, 18 сәуірде, оның құны тарихи жоғары деңгейге көтерілген болатын — бір граммы 34 546,96 теңге болды. Осы деңгейге қарағанда 2,1% (711,39 теңге) төмендеген.
Бұған дейін алтынның құны инвесторлардың инфляция мен геосаяси шиеленістің өсуіне, сондай-ақ әлемдік орталық банктердің жоғары сұранысына қатысты қауіптері аясында рекордты жаңартқаны жайлы жазған болатынбыз.
Қазіргі таңда жағдай біршама өзгерді. Кеше алтынның әлемдік бағасы апталық ең төменгі деңгейге дейін, 2%-дан көп төмендеді. Себебі Таяу Шығыстағы қақтығыс қаупі азайды. Бұл инвесторларды баспана активтерімен жасалған мәмілерді акциялар сияқты қауіпті активтерге ауыстыруға итермеледі.