LEGO Group компаниясы Қазақстандағы алғашқы LEGO®️ Certified Store дүкенін ашып, логистикалық қызметтердің толық циклін қазақстандық цифрлық логистикалық компания JANA POST-қа сеніп тапсырды.
Компания тауардың Қазақстанға әкелінуінен бастап кедендік рәсімдеу, сақтау, тапсырыстарды жинақтау және сатып алушыларға жеткізуге дейінгі барлық логистикалық үдерісті қамтамасыз етеді. JANA POST компаниясының корпоративтік бизнесті дамыту жөніндегі директоры Ерлан Бежкеновтің айтуынша, компания логистикалық операциялардың толық кешенін өз мойнына алған.

«Бұл жоба біз үшін Қазақстандағы халықаралық брендтерге арналған жеткізу тізбегінің толық циклін ұйымдастырудың жарқын үлгісіне айналды», – деді ол.
Отандық цифрлық логистикалық компания корпоративтік бағытты дамытып, фулфилментті қоса алғанда, B2B қызметтерін ұсынады. Компания тапсырыстарды өңдеудің толық циклін қамтамасыз етеді: тауарларды қабылдау және қоймада сақтау, жинақтау, буып-түю және кейін сатып алушыларға жөнелту.
Ерлан Бежкеновтің айтуынша, JANA POST өнімдерді Қазақстанға импорттау процесін толық сүйемелдейді. «Компания жүкті қабылдауға, уақытша сақтау қоймасына орналастыруға, заңнама талаптарына сәйкес кедендік рәсімдеуге, қажетті сертификаттар мен рұқсат құжаттарын алуға, сондай-ақ тауарларды ел ішінде әрі қарай тасымалдауға жауап береді», – деп нақтылады ол.
Сонымен қатар, ол алғашқы кезеңде тауарлар тек Қазақстан аумағында жеткізілетінін атап өтті. Алдағы уақытта JANA POST серіктес үшін халықаралық жеткізілімдерді де ұйымдастыруға дайын. Бұл үшін компанияның барлық қажетті логистикалық инфрақұрылымы қалыптасқан. Оның құрамына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Моңғолиядағы екі мыңға жуық тапсырыс беру және қабылдау пункті кіреді.
JANA POST Алматы, Ташкент, Бішкек, Душанбе және Қытайдың Иу қалаларында орналасқан бес заманауи сұрыптау орталығына, сондай-ақ Орталық Азиядағы үш өңірлік cross-dock орталығына ие. Сонымен қатар, компания экспорттық әлеуеті жоғары қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорындарды қолдайтын Еуропалық қайта құру және даму банкінің «Көк лента» (Blue Ribbon) бағдарламасының қатысушысы.
Ерлан Бежкеновтің айтуынша, JANA POST серіктестердің қажеттілігіне қарай логистикалық шешімдерін кеңейтуге дайын. Қажет болған жағдайда компания қойма қуатын ұлғайтып, жеткізу географиясын кеңейтіп, бизнес-процестерді клиенттердің міндеттеріне бейімдей алады.
Бежкеновтің сөзінше, әлемдік брендпен әріптестік орнату – JANA POST-тың корпоративтік сектор мен фулфилмент бағытын дамыту стратегиясының маңызды бөлігі. Компания халықаралық брендтермен ынтымақтастықты кеңейтіп, Қазақстан мен Орталық Азияда кешенді логистикалық шешімдер ұсынуды көздейді. Мұндай тәсіл халықаралық компанияларға қазақстандық нарыққа жылдам шығуға мүмкіндік берсе, ал қазақстандық тұтынушыларға түпнұсқа өнімді барынша қысқа мерзімде алуға жол ашады.