Өткен 2022 жылы Қазақстан экономикасы дағдарыс пен қайғылы оқиғаларға толы болды. Осының байланысты ел үкіметі жағдайды тұрақтандыру және жақсарту үшін барлық шараларды қолданды. Жергілікті атқарушы органдарға, яғни еліміздің қалалары мен облыстарының әкімдіктеріне ағымдағы бағдарламалар мен даму бағдарламаларын іске асыруға республикалық бюджеттен тұрақты негізде мақсатты трансферт бөлінеді. Дағдарыс кезінде бұл мақсатты трансферттер аса қажет. Алайда, ресми статистика көрсеткендей, жергілікті атқарушы органдар бөлінген қаражаттың елеулі бөлігін игермеген. Бұл басқалармен қатар, мемлекеттік органдардың немқұрайлылығы мен тиімділігінің төмендігін көрсетуі мүмкін, деп хабарлайды finprom.kz.
Мәселен, 2022 жылдың қаңтар-қараша айларында еліміздің қалалары мен облыстарының әкімдіктеріне 2,9 трлн теңге мақсатты трансферт бөлініп, барлық қаражаттың 92,5%-ы ғана игерілді. Бір қарағанда, бұл соншалықты үлкен кемшілік емес, бірақ орындалмаған сома 220,6 млрд теңгені құрады, бұл қазақстандықтардың өмірін жақсартуға бағытталған өте қомақты қаржы. Оның 15,8 млрд теңгесі ғана бюджеттік үнемдеу болса, қалған 204,8 млрд теңге игерілмей қалған сома. Бұл қаражат қалалар мен облыстардың игілігіне жұмсалуы тиіс еді.
Finprom.kz ұжымы қолда бар деректерге сүйене отырып, мақсатты трансферттерді игеру бойынша ел аймақтарының рейтингін жасады. Пайыздық көрсеткіште республика өңірлері арасында мақсатты трансферттерді игеру бойынша көшбасшылар Қызылорда және Қостанай облыстары болды: тиісінше 99,2% және 99%. Үздік үштікке республикалық маңызы бар Шымкент қаласы да енді: орындалу 98,6%.
Жалпы, еліміздің 9 өңірінде мақсатты трансферттердің игерілуі 95%-дан асты. Қалған 5 өңірде қаражаттың игерілуі өз кезегінде 90%-дан 95%-ға дейін өзгерді. Ал 6 облыста игерілу 90%-дан төмен.
Іс жүзінде еліміздің бас қаласы Астана рейтингтің анти-көшбасшысы болды: мұнда мақсатты трансферттердің орындалуы небәрі 68%-ды құрады. Орындалмаған сома 61,2 млрд теңгеге жетті, оның 879,4 млн теңгесі үнемдеу болса, бірден 60,3 млрд теңге игерілмей қалған.
Әлсіз көрсеткіштерді Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары да көрсетті: сәйкесінше 83,7% және 84,2%.
Төменде біз рейтинг аутсайдерлеріне егжей-тегжейлі тоқталып, аталған облыстардың әкімдіктері мақсатты трансферттерді игермеген параметрлерді қарастырамыз.