Astana International Exchange (AIX) биржасы 2021 жылдың қазан айындағы сауда-саттық қызметінің шолуын ұсынады.

Қазан айында сауданың жиынтық айналымы 114,3 млн АҚШ долларын құрады (48,7 млрд теңге), бұл 2021 жылғы қыркүйекке қарағанда 5,5 есе көп.

AIXQI индексі іске қосылғаннан бері, қазан айында ең жақсы нәтиже көрсетті – индекс мәні 1031,61-ден 1173,98 тармаққа дейін (13,8%) өсті, индекстің құрамына кіретін барлық 8 компания, қазан айын жасыл аймақта аяқтады.

Өсімнің көшбасшылары Қазатомөнеркәсіп (35,8%), Kaspi.kz (23,24%), Central Asia Metal (11,76%) және Полиметалл (11,52%) акциялары болды.

Банк секторы компанияларының акциялары да өсім көрсетті – ЦентрКредит Банкі 9,93%-ға, ал Халық Банкі – 5,14%-ға өсті.

«Қазақтелеком» мен «ҚазТрансОйл» шамалы өсім көрсетті, олардың өсімі тиісінше 3,14% және 1,83% құрады.