Astana International Exchange қызметінің 2023 жылғы нәтижелерін ұсынады.
 
• AIX ресми тізіміне 95 түрлі эмитенттің 150 бағалы қағаз шығарылымы кіреді.
• Биржа іске қосылған сәттен бастап тартылған борыштық капиталдың жалпы көлемі $4,2 млрд құрады, тартылған үлестік капиталдың көлемі $365 млн құрады.
• 2023 жылы AIX-те сауда-саттықтың жиынтық көлемі $582 млн құрады, бұл көрсеткіш 2022 жылы $173 млн болған, яғни былтырғымен салыстырғанда үш есе өсуді көрсетті.
• 37 сауда мүшесі, соның ішінде Қазақстан, Қытай және еуропа елдеріненің брокерлері бар.
• AIX Орталық депозитарийіндегі жеке азаматтардың есеп-шоттарының саны 1,5 миллионнан асты.
• AIX Qazaq Index биржалық индексі 2023 жылы 948.36-дан 1217.38-тармаққа дейін өсті, бұл 28.37% өсімді көрсетті.
 
Пайыздық мөлшерлеме жоғары болған қазіргі нарықтық жағдайларға қарамастан, 2023 жыл көптеген параметрлер, соның ішінде листингтер саны, сауда-саттық көлемі және бизнес тартқан капитал көлемі бойынша AIX үшін рекордтық жыл болды.